Навигация

Фотогалерея

Әлеуметтік желі:





  •  «Болашақ энергиясы ЭКСПО-2017» облыстық көрме-форумы
    13/05/2017

    Бүгін лицейіміздің қыздары, Жақсылық Асылзат және Оңғарбай Айжан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған «Қазақстан-менің елім» атты «Болашақ энергиясы ЭКСПО-2017» облыстық көрме-форумға қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды. 
    Жарайсыңдар қыздар! Тек биік шыңдарда көріне беріндер! 

  • Тәрбиешілердің ата-аналары қаламызда қонақта!
    07/05/2017

    Білім мен тәрбие егіз.
    Қыран құс екі қанаты бірдей сау болған жағдайда ғана көкке самғай алатыны сияқты адамзат та білім мен тәрбие қатар тұрғанда ғана алысқа шарықтай алады. Мектептің жүрегі - ұстаздар қауымымен бірге асыл жандар тәрбиешілерімізді де айтып кету керек.
    Шәкірттеріне тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде тәрбиешілердің еңбегі зор. Сондықтан да олар әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. 
    Мереке қарсаңына орай, лицей ұжымы асыл жандардың аяулы аналарына алғыс білдіріп, біздің лицейімізге сыйлы қонақ болуға шақырылды. Қадірлі аналарымызды қаланың көрікті жерлеріне қыдыртып, қонақжайлылық танытты.

  • Қазақстан Білім Олимпиадасында 21 медаль!
    10/05/2017

    7-9 мамыр күндері Алматы және Тараз қалаларында өткен Қазақстан Білім Олимпиадасында (КБО) лицейіміздің оқушылары жалпы 21 медаль қанжығасына байлап, командалық III орын иеленді.

    Қазақ тілі:
    Канатова Азиля-I орын
    Роман Арубубім-II орын
    Зейтқазиева Дидар-II орын
    Балтабекова Камила-II орын
    Ағайдарова Алуа- III орын
    Қағазбаева Аяна-III орын

    Ағылшын тілі:
    Тлеубекова Дильназ-I орын
    Бекбаева Зарина-III орын
    Шырынхан Аяулым-III орын
    Жалелова Рината-III орын

    Түрік тілі:
    Алтаева Аружан-I орын
    Копбаева Мөлдір-I орын
    Аймағамбетова Амина-I орын
    Секебаева Сабина-II орын
    Тулегенова Ботагоз-III орын

    Орыс тілі:
    Болат Акерке-I орын
    Жанбырбаева Жания-II орын
    Дулатбек Ерке-III орын

    География:
    Досжанова Аружан-I орын

    Тарих: 
    Балгин Марьям-III орын

    Математика: 
    Азат Наргиз-II орын

    Барша оқушыларымызды, ата-аналарымызды, ұстаздарымызды құттықтай отырып, жетістіктеріміз жылдан жылға арта беруіне тілектеспіз!

  • Жуңіс күні құтты болсын!
    06/05/2017

    Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!
    Сіздер айырылу, азап көру және қатал сынақтардан өтіп, қажырлы рухани күшті көрсеттіңіздер, төтеп бердіңіздер және жеңіске жеттіңіздер. Тарихи белестер де бар, олардың мағынасы уақыт ағымында өшпейді. Әр өткен жыл олардың ұлылығы мен мағынасын одан сайын күшейтеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы естелік және сіздердің ерліктеріңіз үшін мақтаныш ұрпақтан ұрпаққа беріледі, бізді біріктіреді. Біз үшін мызғымас өнегелі бағдар ретінде қызмет етеді. 
    Лицейіміздің атынан қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз.🙌 Cіздерге зор денсаулық, бақыт, қуаныш және болашаққа деген сенім тілейміз. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын!

  • Ұлыстың ұлы күні!
    30/04/2017

    Сарыарқа халқының бір ерекшелігі- Наурыз мейрамын бір ай тойлауында болып табылады. Міне, сол көктемнің ең басты мерекесін №2 Қарағанды «Білім-инновация» лицейі де тойлап өткізді. Мерекенің басты мақсаты оқушыларымыздың бойына ұлттық құндылықтарымыз бен ежелден келе жатқан дәстүрлерімізді сіңіру болатын.
    Наурыз тойымыз бишілеріміздің ұлттық биімен ашылып, ата-аналарымыздың өнерлерімен жалғасын тапты. Мереке жарыс түрінде ұйымдастырылып, сыныптар 6 талап бойынша бағаланды.
    Қазақ халқы бала өміріндегі әрбір кезеңге ерекше көңіл бөлетін болған, және соған байланысты салты мен дәстүрі бар. Сол себепті, әр сыныптың ата-аналарына бесікке салудан бастап, беташарға дейін дәстүрлер бөліп берілген болатын. Ата-аналарымыз белсенді қатысып, өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті. Жалпы сайыстар бойынша сыныптарды бағалау қазылар алқасына онайға соққан жоқ. Балл нәтижелері бойынша:
    «Бас жүлде»- 8«А»
    I орын- 7«A»
    II орын- 9«A»
    III орын- 10«A»
    III орын- 8«Б»
    III орын- 7«Б»
    Мерекеде сонымен қоса қазақтын ұлттық ойындары (кір көтеру, арқан тартыс, мерген, тоғызқұмалақ) бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық жарыстардың жеңімпаздары аңықталып, дипломдармен марапатталды. 
    Атсалысқан ата-аналарымызға, оқушыларымызға және лицей ұжымына алғысымыз шексіз! 

  • Су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету
    30/04/2017

    Жағдай киын болған кезде қол ұшын созып, көмектесер жанның болғаны қандай жақсы! 
    Лицейіміздің қайырымдылық қорының ұйымдастырған жәрмеңкеден жиналған ақшаға Қарағандыдағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға азық-түліктермен көмек көрсетілді.

  • «Жүректен жүрекке»
    26/05/2017

    7«Б» сыныбы лицей оқушылары мен ұстаздарына «Жүректен жүрекке» атты бауырластық кешін сыйға тартты.
    Бауырлыстық кешінің тақырыбын керемет таңдап, оқушыларға көп пайдалы мәліметті жеткізе білді. «Жүрек таза болғанда ғана тілден әдемі сөз шығады»- демекші, барлық нәрсе адамның жүрегіне байланысты екенін түсіндіріп берді.
    Таза жүрек дұшпанды досқа, жатты жақынға айналдырады. Кеудедегі кекті жойып, көңілдегі кірбіңді шаяды. Орнын махаббат пен сүйіспеншілікке толтырады. Концертке келген оқушыларға тәрбиелік мәні бар көріністер, ән мен билер ұсынып, көрермендердің көңілінен шыға алды. 7 «Б»-ның дарынды қыздарына, сынып тәрбиешісі мен ұстаздарына үлкен алғысымызды білдіреміз!

  • «Шапағат шуағы» қайырымдылық қорының жәрмеңкесі
    24/05/2017

    «Шапағат шуағы» қайырымдылық қорының бастамасымен еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке. 

  • Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы
    24/05/2017

    2017 жылдың 20-22 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында Білім-инновация қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға еліміздің түкпір- түкпірінен жиналған дарынды оқушылар қатысты. Біздің лицейіміздің 11- сынып оқушысы, Гусельцева Каролина «Тілші-əдебиетшілер» конкурсынан III орынға ие болды. Құттықтаймыз!

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман»

Н.Ә.Назарбаев

Четверг 18/10/2018

Логин

Имя пользователя:
Пароль:
загрузка данных из сервера, пожалуйста, подождите
Количество визитов: 90731

Фотогалерея

Байланыс

  • №2 "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты КММ
    Кривагуза 96а
  • +7 (7212) 50-22-20, 50-22-21

Әлеуметтік желі

Instagram: instagram.com/karkyz_bilim_school
Facebook: facebook.com/karkyzbilim
Youtube: KarKyzBilim TV