Навигация

  • Обновление данных

    Данные из программы aSc Расписания были обновлены
  • Бос жұмыс орындарына конкурс жарияланады

    Бос лауазымдарға келесі пән мұғалімдері қарастырылады

     

    1. Директордың шет тілі жөніндегі орынбасары негізгі орын - 1 (EduPage платформасын ме4герген болу керек)
    2. Қазақ тілі және әдебиет пәні (негізгі орын-1, 1 жүктеме, 16 сағат)
    3. Математика пәні (негізгі орын-1, 1.5 жүктеме, 24 сағат)
    4. Физика пәні (негізгі орын-1, 1 жүктеме, 20 сағат)
    5. Биология пәні (негізгі орын-1, 1 жүктеме, 20 сағат)
    6. Информатика пәні (негізгі орын-1, 1 жүктеме, 20 сағат)
    7. Түрік тілі пәні (негізгі орын-1, 1.5 жүктеме, 26 сағат) ""

    Білуге міндетті

    • Қазақстан Республикасының Конституциясын,
    • Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,
    • Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айтқындайтын басқа да нормативтық құқықтық актілерді,
    • Педагогика және психология негіздерін,
    • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,
    • Үлгілік оқу бағдарламаларын,
    • Үлгілік оқу жоспарларын,
    • Педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,
    • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.

    Лауазымдық міндеттері

    • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
    • Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
    • Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады.
    • Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады.
    • Оқыту процессіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді.
    • Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді.
    • Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
    • Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады.
    • Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының", 3-тарау, 1-параграфының 107 тармағына сәйкес (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) жүргізіледі.

     

    Конкурстық құжаттар электрондық түрінде электрондық поштаға (karkizbil2@mail.ru) қабылданады.

     

    Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 23-26 тамыз.

    Конкурс өткізу күні: 29-30 тамыз.

     

  • Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңін өткізу туралы

  • «БІЛІМ -ИННОВАЦИЯ» лицейіне қабылдау емтиханы

    Қымбатты ата-аналар және 6-сынып оқушылары!

    «Білім-инновация» лицейлерінде қабылдау емтиханының 1-кезеңі: 2022 жылдың 24 сәуір күндері өтетінін қуана хабарлаймыз.
    2-кезеңнің өтетін мерзімі: 2022 жылғы 16 мамыр.

    Тіркеу 1-ақпан  бен 20 сәуірге дейін онлайн түрде жүзеге асырылады!

    Онлай тіркелу сайты: bilemtihan.kz

    Қабылдау емтиханының ережесі мен қатысу нұсқаулығы туралы толығырақ біздің әлеуметтік желілерімізде жарияланатын болады.

    Жаңалықтардан уақытылы хабардар болып отыруыңыз үшін парақшаға жазылып, бізбен бірге болыңыздар!

    Facebook | Instagram: @bil.edu.kz @bil.kargirls 


    Уважаемые родители и дорогие ученики 6-ых классов!

    Мы рады сообщить, что вступительные экзамены в лицеи "Білім-инновация" пройдут – первый тур: этап 24 апреля 2022 года, второй тур: 16 мая 2022 года.

    Регистрация онлайн : с 1 февраля по 20 апреля.

    Сайт для онлайн регистрации: bilemtihan.kz

    Более подробная информация о правилах вступительного экзамена и инструкции по участию будет публиковаться в наших социальных сетях.

     Instagram: @bil.edu.kz @bil.kargirls

  • «БІЛІМ -ИННОВАЦИЯ» лицейіне қабылдау емтиханына тіркелу басталды.

  • «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» атты республикалық пікірсайыс (дебат)

    Мектеп оқушылары арасында «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» атты республикалық пікірсайыс (дебат) турнирінің облыстық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі 1-ші және 2-орындарға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.

    Қазақ тобы бойынша ФЕМИДА командасы:

    ⚡️ 1-орын Қабижан Айша, Аманжолова Мөлдір 
    Орыс тобы бойынша Billionaires командасы:

    ⚡️ 2-орын Елемесова Аружан, Абдраимова Дильназ

  • «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 жаңа есімі» жобасы, БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ 100 есім

     Лицейіміздің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің ұстаздары Қарағанды облысы бойынша білім саласындағы 100 есімге енді. Ұстаз  берген  тәрбие — әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ секілді. Абыройларыңыз арта берсін! Білім жолында атқарған адал еңбектеріңіз жана берсін! 

  • ҚР БІЛІМ және ҒЫЛЫМ министрлігінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ және АЛҒЫС ХАТ иегерлері

    Ұлағатты ұстаздарымыз ҚР БІЛІМ және ҒЫЛЫМ министрлігінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ және АЛҒЫС ХАТТАРЫМЕН марапатталды: 

    МЕЙРМАНОВА БОТАГОЗ (орыс тілі пәні) - ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ

    ЖОЛАЙ УЛДАНА (қазақ тілі пәні) - ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ

    МУХАМАДИЕВ МЕЙРАМ (оқу ісі жөніндегі орынбасар) - ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ

    АЗАТҚЫЗЫ ҚЫМБАТ (география пәні) - АЛҒЫС ХАТ

    АМРЕНОВ ҚАЙЫРБОЛАТ (информатика пәні) - АЛҒЫС ХАТ

    АЛИКУЛОВ АСҚАР (математика пәні) - АЛҒЫС ХАТ

    «Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет»- деп атамыз Бауыржан Момышұлы текке айтпаса керек. Абыройларыңыз асқақ, ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

  • Мендель халықаралық олимпиадасының жүлдегерлері

    Мендель халықаралық олимпиадасынан биология пәні бойынша 9-10 сынып оқушыларымыз 3- орын алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 🌟

  • Әл-Фараби атындағы қашықтықтан халықаралық олимпиадасы

    Ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында 30.10.2020 "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша қашықтықтан халықаралық олимпиадасын өткізді.Бұл олимпиадаға ҚР-ның, ТМД елдері мен алыс және жақын шетелдерден барлық білім беру ұйымдарының 10сыныптарынан 16517 оқушы қатысты. Лицейіміздің атынан қатысқан оқушылар 17 орын иеленді: I орын-4, II орын-5, III орын-8

  • Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

    Сүйінші хабар! Лицейіміздің орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі Мейрманова Ботагөз апайымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Айта кетейік, Ботагөз апайымыз ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "Русская речь-2020" байқауынан "лучшее учебное пособие по русскому языку" номинациясы бойынша жүлделі 1- орын алды. Ұстазымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

  • "Әке жолы - ізгі жол" атты әкелер апталығы өткізілді

    12-16 қазан аралығында “Білім-Инновация” ХҚҚ және “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен, “Әкелер одағы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, "Әке жолы - ізгі жол" атты әкелер апталығы өткізілді. Апталыққа еліміздің әр аймағынан 50-ге жуық әке қатысты. Онлайн платформада жиналған әкелер апта барысында өзара қарым-қатынас орнатып, ойларымен бөлісті. Сондай-ақ апталық аясында әкелерге арналған түрлі сайыстар ұйымдастырылып, қызықты әрі пайдалы ақпараттар мен кеңестер берілді

  • Даналықтың ақ туын биік еткен - қарттарым

    Қарттар күні мен ұстаздар күніне орай заманымыздың батыры - Райса Сейткалиевна апайымызды құттықтап қайттық. Райса апай - Кеңес Одағы кезінде-ақ ұлттық тіліміздің қамын жеп, болашағы үшін шырылдап, қазақ тіліне байланысты 17 мәселе көтеріп мақала жазған тіл жанашыры! Қоғамның қысымы мен орыстандыру саясатының ызғарына, адамдардың шектетуі мен қорқытуына мойымай қарсы тұрып, Қарағанды қаласында алғаш қазақ сыныптарының ашылуына жанын салған ағартушы! Мыңдаған шәкірттерінің жүрегінен орын алған ұлағатты ұстаз! Ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерде ақыл-кеңесін айтып, білім саласында 44 жыл бойы жинаған тәжірибесімен жастарға жол көрсетіп келе жатқан қоғам қайраткері!

  • Әке беретін дәрумен

    Лицейіміздің 8-9 сыныптарының әкелеріне арналған "әке беретін дәрумен" атты семинар және ағаш отырғызу іс-шарасы өткізілді. 

  • Тілде тұтас ұрпақтың ғасырлық еңбегі бар!

    Лицейімізде тілдер апталығына арналған іс-шаралар болып өтті.

  • Отбасы күніне арналған сайыс

    Отбасы күніне арналған сайысымыздың нәтижелері анықталды!:house_with_garden:1- орын 7 А сыныбы Болысбек Фатиманың жанұясына:house_with_garden: 2- орын 8 Б сыныбы Жұмагадирова Айдананың жанұясына:house_with_garden:3- орын 7 Б сыныбы Әбдікеш Еркеназдың жанұясына беріледі. Сондай-ақ :rose:«Өнегелі отбасы» номинациясы бойынша—Илияс Гауhaрдың отбасы :rose:«Бірлігі жарасқан отбасы» номинациясы бойынша — Ақбөпенің отбасы :rose:«Мерейлі отбасы» номинациясы бойынша — Болат Зеренің отбасы:rose:«Үлгілі отбасы» номинациясы бойынша — Тоғжанның отбасы :rose:«Заманауи отбасы» номинациясы бойынша—Нұрайдың отбасы:rose:«Ынтымақты отбасы» номинациясы бойынша—Ақеркенің отбасы :rose:«Бақытты отбасы» номинациясы бойынша— Сезімнің отбасы марапатталды!

  • Ата-аналар үшін тегін ағылшын курсы!

    Тіл үйренемін деген ата-аналарға whatsapp-та жеке группа ашылып, материалдар беріліп, сабақ zoom арқылы өткізіліп жатыр.

  • Спорт - денсаулық кепілі

    Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. "Денсаулық - зор байлық" ұғымын негізге ала отырып, оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, өз денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу мақсатында лицейімізде ата-аналар арасында воллейбол жарысы ұйымдастырылды. #densauliq #densaulyqzorbailyk

  • "Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға". А.Құнанбайұлы

  • Қашықтан оқыту жүйесі туралы онлайн конференция

    Қашықтан оқыту кезіндегі синхронды немесе асинхронды формат деген не? Бұл терминдер нені білдіреді?:dart: синхронды оқыту - виртуалды сыныпқа ұқсас, бір уақытта оқумен айналысатын оқушылар тобын қамтиды. Оқытудың бұл түрінде оқушы мен оқытушы бір уақытта бір жерде болады. Ол үшін топтық сөйлесулер, веб-семинарлар, бейне конференциялар сияқты мультимедиялық компоненттер қолданылады.:dart: асинхронды оқыту - қажетті онлайн-ресурстармен өздігінен оқуға негізделген оқушыға бағытталған оқытуды қамтиды. Бұл жағдайда электронды пошта, электронды курстар, онлайн форумдар, аудио-бейне жазбалар сияқты технологиялар қолданылады.Осындай форматтағы оқытудың түрін таңдау кезінде мұғалімдерге жауапты міндет жүктеледі. Қазір барлық мектептер дәстүрлі педагогикадан онлайн педагогикаға көшуде. Осы орайда «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Edlight» мектептерді қолдау орталығы дәстүрлі тамыз конференциясын қашықтан өткізуді бастады.Онлайн конференция барысында 100-ге жуық пән мұғалімі қашықтан оқытуда EduPage платформасын тиімді қолдану, білім берудегі цифровизация, қашықтан оқытудың тиімді əдістері, синхронды және асинхронды форматта сабақ өткізу секілді тақырыптарда білімдерін жетілдіруде. Сондай-ақ ұстаздарға теориялық білімдерін практикалық жұмыстарымен бекітіп алуға мүмкіндік жасалған.

Фотогалерея

Байланыс

  • №2 "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты КММ
    Аманжолова 96А
  • +7 (7212) 50-22-20

Әлеуметтік желі

Instagram: instagram.com/bil.kargirls
Facebook: facebook.com/karkyzbilim
Youtube: KarKyzBilim TV