«Білім-Инновация» лицейлерінің ұстаздары жаңа оқу жылына дайын⠀«Білім берудегі цифровизация жəне қашықтан оқытудың тиімді əдістері» атты пән мұғалімдеріне арналған онлайн семинардың қорытындысы ретінде бүгін ұстаздарымыз ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовпен өткен онлайн кездесуге қатысты.⠀Эфир барысында ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов мұғалімдерге жаңа 2020-2021 оқу жылының жаңалықтарын таныстырып, қазіргі жағдайда халықаралық олимпиадаларға қатысып жүрген БИЛ оқушыларының жетістіктеріне, құндылықтар негізінде білім беру және қашықтан оқыту кезінде тәрбиенің басты назарда болу керектігіне тоқталды.⠀Сондай-ақ «Білім-Инновация» лицейлеріне оқушыларды қабылдау процесі әділ және ашық өтетіндігін атап өтіп, лицей ұстаздарының еңбегіне алғыс білдірді.#biliminnovationschools #biledu #education
Бүгін лицейіміздің қыздары, Жақсылық Асылзат және Оңғарбай Айжан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған «Қазақстан-менің елім» атты «Болашақ энергиясы ЭКСПО-2017» облыстық көрме-форумға қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.
Жарайсыңдар қыздар! Тек биік шыңдарда көріне беріндер!
Білім мен тәрбие егіз.
Қыран құс екі қанаты бірдей сау болған жағдайда ғана көкке самғай алатыны сияқты адамзат та білім мен тәрбие қатар тұрғанда ғана алысқа шарықтай алады. Мектептің жүрегі - ұстаздар қауымымен бірге асыл жандар тәрбиешілерімізді де айтып кету керек.
Шәкірттеріне тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде тәрбиешілердің еңбегі зор. Сондықтан да олар әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Мереке қарсаңына орай, лицей ұжымы асыл жандардың аяулы аналарына алғыс білдіріп, біздің лицейімізге сыйлы қонақ болуға шақырылды. Қадірлі аналарымызды қаланың көрікті жерлеріне қыдыртып, қонақжайлылық танытты.
7-9 мамыр күндері Алматы және Тараз қалаларында өткен Қазақстан Білім Олимпиадасында (КБО) лицейіміздің оқушылары жалпы 21 медаль қанжығасына байлап, командалық III орын иеленді.
Қазақ тілі:
Канатова Азиля-I орын
Роман Арубубім-II орын
Зейтқазиева Дидар-II орын
Балтабекова Камила-II орын
Ағайдарова Алуа- III орын
Қағазбаева Аяна-III орын
Ағылшын тілі:
Тлеубекова Дильназ-I орын
Бекбаева Зарина-III орын
Шырынхан Аяулым-III орын
Жалелова Рината-III орын
Түрік тілі:
Алтаева Аружан-I орын
Копбаева Мөлдір-I орын
Аймағамбетова Амина-I орын
Секебаева Сабина-II орын
Тулегенова Ботагоз-III орын
Орыс тілі:
Болат Акерке-I орын
Жанбырбаева Жания-II орын
Дулатбек Ерке-III орын
География:
Досжанова Аружан-I орын
Тарих:
Балгин Марьям-III орын
Математика:
Азат Наргиз-II орын
Барша оқушыларымызды, ата-аналарымызды, ұстаздарымызды құттықтай отырып, жетістіктеріміз жылдан жылға арта беруіне тілектеспіз!
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!
Сіздер айырылу, азап көру және қатал сынақтардан өтіп, қажырлы рухани күшті көрсеттіңіздер, төтеп бердіңіздер және жеңіске жеттіңіздер. Тарихи белестер де бар, олардың мағынасы уақыт ағымында өшпейді. Әр өткен жыл олардың ұлылығы мен мағынасын одан сайын күшейтеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы естелік және сіздердің ерліктеріңіз үшін мақтаныш ұрпақтан ұрпаққа беріледі, бізді біріктіреді. Біз үшін мызғымас өнегелі бағдар ретінде қызмет етеді.
Лицейіміздің атынан қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз.🙌 Cіздерге зор денсаулық, бақыт, қуаныш және болашаққа деген сенім тілейміз. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын!
Сарыарқа халқының бір ерекшелігі - Наурыз мейрамын бір ай тойлауында болып табылады. Міне, сол көктемнің ең басты мерекесін №2 Қарағанды «Білім-Инновация» лицейі де тойлап өткізді. Мерекенің басты мақсаты оқушыларымыздың бойына ұлттық құндылықтарымыз бен ежелден келе жатқан дәстүрлерімізді сіңіру болатын.
Наурыз тойымыз бишілеріміздің ұлттық биімен ашылып, ата-аналарымыздың өнерлерімен жалғасын тапты. Мереке жарыс түрінде ұйымдастырылып, сайыс 6 талап бойынша бағаланды.
Қазақ халқы бала өміріндегі әрбір кезеңге ерекше көңіл бөлетін болған, және соған байланысты салты мен дәстүрі бар. Сол себепті, әр сыныптың ата-аналарына бесікке салудан бастап, беташарға дейін дәстүрлер бөліп берілген болатын. Ата-аналарымыз белсенді қатысып, өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті. Жалпы сайыстар бойынша сыныптарды бағалау қазылар алқасына оңайға соққан жоқ. Ұпай нәтижелері бойынша:
«Бас жүлде»- 8«А»
I орын- 7«A»
II орын- 9«A»
III орын- 10«A»
III орын- 8«Б»
III орын- 7«Б»
Мерекеде сонымен қоса қазақтың ұлттық ойындары (кір көтеру, арқан тартыс, мерген, тоғызқұмалақ) бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық жарыстардың жеңімпаздары аңықталып, дипломдармен марапатталды.
Атсалысқан ата-аналарымызға, оқушыларымызға және лицей ұжымына алғысымыз шексіз!
Жағдай киын болған кезде қол ұшын созып, көмектесер жанның болғаны қандай жақсы!
Лицейіміздің қайырымдылық қорының ұйымдастырған жәрмеңкеден жиналған ақшаға Қарағандыдағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға азық-түліктермен көмек көрсетілді.
7«Б» сыныбы лицей оқушылары мен ұстаздарына «Жүректен жүрекке» атты бауырластық кешін сыйға тартты.
Бауырлыстық кешінің тақырыбын керемет таңдап, оқушыларға көп пайдалы мәліметті жеткізе білді. «Жүрек таза болғанда ғана тілден әдемі сөз шығады»- демекші, барлық нәрсе адамның жүрегіне байланысты екенін түсіндіріп берді.
Таза жүрек дұшпанды досқа, жатты жақынға айналдырады. Кеудедегі кекті жойып, көңілдегі кірбіңді шаяды. Орнын махаббат пен сүйіспеншілікке толтырады. Концертке келген оқушыларға тәрбиелік мәні бар көріністер, ән мен билер ұсынып, көрермендердің көңілінен шыға алды. 7 «Б»-ның дарынды қыздарына, сынып тәрбиешісі мен ұстаздарына үлкен алғысымызды білдіреміз!
«Шапағат шуағы» қайырымдылық қорының бастамасымен еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке.
2017 жылдың 20-22 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында Білім-инновация қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға еліміздің түкпір- түкпірінен жиналған дарынды оқушылар қатысты. Біздің лицейіміздің 11- сынып оқушысы, Гусельцева Каролина «Тілші-əдебиетшілер» конкурсынан III орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Сәуір айының 22 күні III Халықаралық «Roboland 2017» Робототехника фестивалінің 1 кезеңі өтті. Қорытындысы бойынша Қонарбай Шолпан мен Құрманғали Жанай 1 орынға ие болды. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, жаңа биіктерден көріне берулерін тілейміз!
Ал бүгінгі қатысушыларымызға сәттілік.
Бүгін «Дос» жастар денсаулық орталығының дәрігері Светлана Хрестофоровна қыздарымызға "Тазалық денсаулық кепілі" атты сұхбат өткізді. Сұхбат өте пайдалы да қызықты өтті.
Жаңа бастама, жаңа идея - білім мен ғылымның қозғаушы күші. Елбасымыздың сөзімен айтсақ: «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман». Осыған орай директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Едильбаева Сауле Боранбаевнаның биология пәнінен тапсырмалар жинағы кітабының тұсауы кесілді.
Құрметті Сауле апай! Әрбір игі істеріңіз бен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, бақ-береке, табыс әкелсін!
Дәстүрімізге айналған сыныптардың бауырластық кешін 7«А» сынып оқушылары да жалғастыруда. Бауырластық кеші өте қызықты да, мағыналы болды. 7«А»-ның дарынды қыздарына, сынып тәрбиешісі мен ұстаздарына үлкен алғысымызды білдіреміз!
Бауырластықтың жалауы желбіресін!
Білім көрмесі барысында «Ауыл-қала» жобасы бойынша оқушылардың жетекшілеріне «Білім мазмұнын жаңарту» атты семинар ұйымдастырылды.
Семинардың басты мазмұны: қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, функционалдық сауаттылықты арттыру арқылы оқушы құзыреттіліктерін қалыптастыру, инновациялық технологияларды, олардың тиімділігі мен қолжетімділігін және оқушылардың жасаған зертханалық тәжірибелерін көпшілікпен бөлісу.
Басқа мектептерден келген мұғалімдер семинарды жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.
Бүгін №1 және №2 «Білім-инновация» лицейлерінің бірлескен жоспары негізінде, Халықаралық Экспо 2017 көрмесі қарсаңында Қарағанды қаласындағы орта мектептердің оқушыларына арналған "Білім көрмесі" ұйымдастырылды.
Көрмені Қарағанды облысы білім басқармасы "Сарыарқа Дарыны" ғылыми- практикалық орталығының директоры Сыздықов Мейіржан Жәкенұлы құттықтау сөз айтып, ашып берді.
Қаламыздың 1500-ден астам оқушысы аталмыш көрмені тамашалауға келді. Олар өздеріне ұсынылған көрме қызметтерін тамашалап, ойындар ойнап, қызыға тарқасты.
Білім көрмесі негізгі 4 бағытта даярланған еңбектермен толықтырылды. Олар: пәндік зертханалық жұмыстар, робототехника жұмыстары, қосымша білім беру жұмыстары және де қолданбалы курстардың жұмыстары.
Жалпы алғанда көрме көздеген мақсатқа жетті деуге болады.
Бүгінгі көрмеде ат салысқан барлық мұғалімдер мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз.
Астана қаласында 31-наурыз-1 сәуір аралығында «The Scholar's Cup» атты халықаралық дебат жарысы өткен. Биыл жарысқа елдердің түкпір-түкпірінен жиналған 400-ге жуық оқушы қатысты. Шарт бойынша қатысушылар 6 пәннен білімдерін дәлелдеп, тест тапсыруы, шығарма жазып, дебатқа қатысуы қажет.
Лицейімізден 4 команда қатысып, 59 (27 алтын, 32 күміс медаль) жүлделі орынға ие болды. Жеңісті күндеріміз көп болғай!
Оқушылардың әлеуметтік- шығармашылық белсенділігін, өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін және қоғамдық жұмысқа қызығушылығын арттыру мақсатында лицейіміздің оқушылары және география пәні мұғалімі Азатқызы Қымбат «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысты. Олимпиада өте қызықты да, тартысты өтті.
Лицейіміздің дарынды қыздарымыздың бірі, Бейсембай Азина, XI-Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауына қатысып, I-ші дәрежелі дипломмен марапатталды! Құтты болсын! Қыздарымыз әрқашан биік белестерден көрініп, үнемі жетістіктерге жете берсін!
Сүйінші!
25-28 наурыз аралығында гуманитарлық бағыт бойынша Ақтау қаласында өткен Республикалық пән олимпиадасында лицейіміздің қанжығасына Зейноллаева Айя қола жүлдені байлады!
Осындай тамаша жетістікке қол жеткізуімізге көп үлес қосқан орыс тілі пәні мұғалімі Мейірманова Ботагоз апайымызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Құттықтаймыз!
Instagram: | instagram.com/bil.kargirls |
Facebook: | facebook.com/karkyzbilim |
Youtube: | KarKyzBilim TV |