Бүгін TEDx бағдарламамыздың кезекті қадірлі қонағы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің және ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, «Астана» теле-арнасындағы "Кеш емес" ток-шоуының жүргізушісі - Сарин Қалқаман Айымғазыұлы болды.
Құрметті Қалқаман мырза!
Халқымызға қызмет етіп, шынайы еңбегіңіздің нәтижесін көрсете отырып және лицейіміздің оқушыларына қазақ ұлттық мұрасын насихаттауда өз үлесіңізді қосқаныңыз үшін лицей ұжымының атынан алғысымызды білдіреміз!
Деніңізге саулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс, отбасыңызға бақ-береке тілейміз!
Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл- бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Осыған орай, бүгін лицейімізде де сыныптар арасында ата-ана- оқушы «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті.
Аталмыш байқау өте қызықты да тартысты болып, өнерпаздарға шабыт, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Алғыс айту күніне арнайы жоспарланған "Рақмет апталығын" ашық деп жариялаймыз!
Іс-шараның басты мақсаты- адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Оқушылар, ұстаздар және лицей қызметкерлері бір-біріне өз рақметтерін хаттары және игілікті істері арқылы білдіре алады. «Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың» дей отырып, баршаңызды алғыстарды жинауға шақырамыз!
2017 жылы 25 ақпан күні жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушыларының «Жарқын болашақ» IX республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті. «Еңбектің наны тәтті» демекші, жыл сайын өткізіліп жатқан болашақ жастардың өміріне жарқын үміт сыйлайтын олимпиада өте тартысты жоғары деңгейде өтті.
Лицейімізден жеті оқушы қатысып, төрт алтын және бір қола медальмен марапатталды.
«Әнші-бұлбұлдар» конкурсынан Андасбек Сандуғаш- I орын;
«Тілші-əдебиетшілер» конкурсынан Гусельцева Каролина-I орын; «Сөз шеберлері» конкурсынан Экмекчи Иляйда- I орын; «Жас ғалымдар» конкурсынан Зейтқазиева Дидар- I орын;
«Тілші-əдебиетшілер» конкурсынан Балтабекова Камила-III орын. Енді оқушыларымыз елордамыз Астана қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жасталанттармен сайысқа түседі. Республикалық кезеңге өткен жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!
11-сынып оқушыларымыз әлемдік CISCO желілік академиясының (CISCO Networking Academy) IT Essentials курсын бітіргені жайлы сертификаттармен марапатталды. Құтты болсын!
Кеше мектебімізде облысымыздың мектептеріне арналған онлайн режимде семинар өтті. Семинар «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар - білім сапасын басқару құралы ретінде» тақырыбында болды. Семинар барысында заманауи педтехнологияларды қазіргі заманғы мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігінің көрсеткіші және білім сапасын арттыру құралы ретінде қолданудың қажеттілігі мен мүмкіндігін ойластыру мақсат ретінде қойылды.
Семинар негізгі үш кезеңде ұйымдастырылды. Кіріспе, теориялық және практикалық кезеңдерге бөлінген. Семинардың теориялық бөлімінде педтехнологиялар және олардың түрлері мен топтамалары туралы кеңкөлемді түсініктеме берілсе, практикалық бөлімде мектебіміздің білікті мамандары Жақсылыков Ержан, Орманова Акерке, Азатқызы Қымбат өз сабақтарында қолданатын жаңа инновациялық технологияларын көпшілікке таныстырды. Онлайн сабақтарға ағылшын тіліне 54 мектеп, географияға 67 мектеп, биологияға 104 мектеп қосылып қатысты.
Бүгін лицейімізге Қарағанды облысының мәжіліс депутаты, Ашимов Толеген Мукатаевич қадірлі қонақ болды.
Құрметті Толеген мырза!
Халқымызға қызмет етіп, шынайы еңбегіңіздің нәтижесін көрсете отырып, лицейіміздің оқушыларына Елбасымыздың халыққа арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының болашағын айқындап бергеніңіз үшін лицей ұжымының атынан алғысымызды білдіреміз!
Биылғы түлектеріміздің бірі, Омарғалиева Айжан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, жүлделі II орынға ие болды. Лицейімізге үлкен абырой әкелген Айжанға тілейтініміз- тек биік белестерден көрініп, егеменді Еліміздің мақтанышы, бетке ұстар азаматы бол демекпіз.
2017 жылы 16-19 ақпан күндері оқушылар арасында өткен «Kazakhstan Robotics Challenge 2017» атты республикалық сайысында көрсеткен ерекше өнертапқыштығы мен конструкторлық идеясы үшін лицейіміздің қыздары, Дюсембаева Диана мен Болат Акерке жүлделі II орынға (күміс медаль) ие болды.
Тынбай еңбек етіп дайындалған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Лицейімізде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, Майра Сайлауханқызы оқушыларды жолда жүру ережесімен, белгілерімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтау мақсатында сынып оқушылардың арасында «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты сайыс өткізді.
Жол ережесін білу - бәріне міндет.
Ақпан айында - поэзия падишасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні өтілуде. XXI ғасыр алыбының шығармашылығын білмейтін жан жоқ шығар.
Лицейімізде де М.Мақатаевтың поэзиясын халыққа кең таратылуынын мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, шығармашылығының ерекшелігін ұсыну мақсатында «Мұқағали мұрасы- сөз маржаны» атты кешіміз өтті. Мектеп кітапханашымыз, Култай Шамелкызы ақынның халқына қалдырған шоқтығы биік туындылары жайлы баяндап, оқушыларымыздың жүректерінде поэзияға деген сүйіспеншілік сезімін оятты.
15-ші қаңтар күні TEDx бағдарламамыздың кезекті қонағы «Нәтиже» сүт фабрикасының бас директоры Әшім Ерлан Мұқатайұлы болған. Қазіргі таңда өзінің бизнес саласын қарқынды түрде өрбітіп жүрген Ерлан мырзаға қыздарымыз Қарағанды сүт цехының ашылуы, «Нәтиже» брендінің шығуы, жаңа жобалар жайлы қызықты сұрақтар қойды.
Ерлан мырза қыздарымызбен өзінің өмір тәжірибесімен, жетістікке жеткен жолының қызықты әнгімелерімен бөлісіп, оқушыларымызға жақсы көңіл күй сыйлады.
Мектеп ұжымының атынан шексіз алғыс білдіреміз!
Бүгін қадірлі ата-аналарымызға «Дарынды бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында дарынды оқушылардың тәрбиесіндегі қиыншылықтар, түсініспеушіліктердің алдын алу, бала бойында білім мен тәрбиенің қатар дамуын қалыптастыру, отбасы – ата-ананың бала тәрбиесінде белсенділігін арттыру, сол бағытта ата-аналардың әлеуметтік пікірін, сапалық және білім деңгейін, мәдениетін зерттеу, балаларының психологиялық ерекшеліктеріне, көңіл-күйіне мән бере білу маңыздылығы туралы айтылды.
Қатысушы ата-аналар пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті. Семинардың пайдалылығы мен өзектілігін ерекше атап өтіп, алғыстарын білдірді.
Мектебімізде лицей парламенттің ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында интеллектуалдық ойын жарысы өтті. Ойынның басты мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін жақсарту және достық сезімдерді арттыру. Жарыс барысында көрермендермен онлайн "Kahoot" ойыны ойнатылып, үздік ойыншылар Жақсылық Асылзат, Қонарбай Шолпан, Балтабаева Аяжан болып атанды.
«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Білімнің негізінде болашаққа деген үкілі үміт пен шынайы сенім, өз халқына деген ізет-құрмет пен ұлтжандылық жатқанын жақсы түсінген Елбасы елімізде жаңа технологияларды дамыту туралы жүйені құруды мақсат тұтқан еді.
Қарағанды облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 28 қаңтар-3 ақпан аралығында Татарстан Республикасында, Қазан қаласында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында «Күрделілігі жоғары деңгейдегі робототехниканың олимпиадалық тапсырмаларын шешу әдістемесі» тақырыбында робототехника курстары өтті. Біздің лицейімізден осындай тың әдіс-тәсілдерді жаңа форматта меңгеріп, жаңа технологияларды тиімді пайдаланып, ұстаздар мен оқушылар арасында тәжірибемен бөлісіп, жаңашылдыққа бет бұрған ұстаздарымыздың бірі- информатика пәні мұғалімі Скаков Талгат Тусупханович.
Осындай мүмкіндікті ұсынған Қарағанды білім басқармасына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Біздің TEDx бағдарламамыздың келесі қадірлі қонағы, білім саласына айрықша еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз- Елеусизова Раиса Сейтқалиевна.
Құрметті Раиса ханым! Тәуелсіз еліміздің ерен де талапты жастарына сапалы білім мен тәрбие беру жолында еткен еңбегіңіз бен лицейіміздің қыздарына тәлім беруде өз үлесіңізді қосқаныңыз үшін мектеп ұжымының атынан алғысымызды білдіреміз. Деніңізге саулық, қажымас қайрат, отбасыңызға бақ-береке, игіліктер тілейміз.
Бүгін лицейімізде 7-11 сыныптардың ата-аналарына арналған "Ата-ана, мектеп, оқушы" бірлескен педагогикалық консилиумі өткізілді.
Бұл іс-шарада әрбір ата-ана баланың мектеп өміріне бейімделуін, оның оқуға деген ынтасын, тәртібін пән мұғалімдерінен және сынып жетекшілерден жеке-жеке сұрай алады. Тек бірлесе отырып, білім мен тәрбиеге апарар дара жолды таба аламыз.
Педконсилиум барысында ата-аналар оқушыларымызды жетілдіру мақсатында ашылған интеллектум үйірмесінің жұмыстарымен
Лицейімізде еліміздің Алматы қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиада-2017 қолдау мақсатында мектепшілік волейбол жарысы өтті. Сыныптар белсенділік көрсетіп, біріншілікті 9А сыныбы ұтып алды
«Ең әдемі киім- ұлтыңның киімі» дегендей, мектебімізде заманауи үлгіде қолдан тігілген қазақи киім сайысы өтті
Лицейіміз білім берудің заманауи талаптарына сай болып, оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, жан-жақты дамуына ықпал ететін оқытудың үздік үлгілерін пайдалануды жолға қойған. Биылғы оқу жылында мектептің оқу бағдарламасына енгізілген интеллектум үйірмесі өз жұмысын бастады. Қыздарымыз үлкен қызығушылық танытып, белсене атсалысуда.
Instagram: | instagram.com/bil.kargirls |
Facebook: | facebook.com/karkyzbilim |
Youtube: | KarKyzBilim TV |