Навигация

  • Лицей аруы - 2017

    Лицей аруы - 2017
    27/01/2017

    Қантар айының 27-ші жұлдызында лицейімізде ұлттық тәрбиені дәріптеу мақсатында «Лицей аруы-2017» байқауы өтті. Сайысқа 7-10 сынып оқушылары қатысты. Аруларымыз өз өнерлерін ортаға салып, әсем сазды әнімен, мың бұрылған биімен көрермендерді тәнті етті. Байқауға 5 қатысушының арасынан өз сұлулығымен , тапқырлығымен, шеберлігімен «Лицей аруы-2017» атағын Қанатова Азиля иеленді. Байқауға қатысқан басқа қатысушылар төмендегідей номинациялар бойынша марапатталды.
    "Ең тапқыр"-Зейтқазиева Дидар
    "Ең өнерлі"- Гогонел Дарья
    "Ең шебер"- Сатыбалдиева Аида
    "Көрермен көзайымы"- Дулатбек Ерке
    Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың санасына салт-дәстүрімізді сіңіруіне, болашақта халқымыздың мәдени өнерінің дамуына өз үлесін тигізер деген үміттеміз.

  • "Своя игра" интеллектуалдық ойыны

    "Своя игра" интеллектуалдық ойыны
    27/01/2017

    Назарбаев зияткерлік мектебіне 4 жыл толуына байланысты қалалық мектептер арасында «Своя игра» атты интеллектуалдық ойын өтті. Білім мен тапқырлық сынға түскен бұл жарыста оқушыларымыз 3-орынды қанжығасына байлады. 

  • "Алмас қылыш"

    "Алмас қылыш"
    28/01/2017

    Оқушыларымыз отандық фильм "Алмас қылыш"-қа барып, өте жақсы әсер алды! Бұл фильмның негізгі айтар ойы- "Өткенді білмей, келешекке көз тастау мүмкін емес". Мәнгілік елді аңсаған бабалар арманы, ұлтымыздың кешегісі мен бүгінін байланыстырған керемет туынды. Осы фильмде Керей мен Жәнібектің елі үшін істегенін бастан аяқ сахналаған. Елдің жайын, кереметтей Асан, Қазтуған жыраулардың өмірін, Қазақ хандығының, Алаш елінің алғаш рет хан көтерген сәтін сүреттеген. Сол замандағы қазақ жігіттерінің қайсарлығын, қыздарының батырлығын, азаттықтың ақ таңы білектің күшімен, найзаның ұшымен келгенін керемет бейнелеп, халыққа жеткізе білген. Айдын, күннің аманында, Бейбітшілік заманымыздан айырмасын!

  • Тарих күні

    Тарих күні
    26/01/2017

    Оқушыларымызды білімді, дені сау, елін, жерін сүйетін, жауапты да, жігерлі, қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен мәдениетін бойына сіңірген ұрпақты тәрбиелеу мақсатында Қарағанды облыстық тариxи-өлкетану музейі лицейіміздің тариx күніне арналған 7-11 сыныптарға "Бабалар бейнелері" атты ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі өлке тариxымыздың құндылықтарын көзбен көрсетіп, қолмен ұстатып түсіндірді

  • Life is colorful

    Life is colorful
    25/01/2017

    9 «А» сыныбы лицей оқушылары мен ұстаздарына керемет бауырластық кешін сыйға тартты. Тек қана ән айтып, би билеп қана қоймай, концертке келген қонақтарға тәрбиелік мәні бар көріністер мен қызықты бейнероликтерді көрсетіп, көрермендердің көңілінен шыға алды. Бауырластық кеші жоғары деңгейде өтті. 9 «А»-ның дарынды қыздарына, сынып тәрбиеші мен ұстаздарына үлкен алғысымызды білдіреміз!

  • Ағылшын және түрік тілдері күні

    Ағылшын және түрік тілдері күні
    25/01/2017

    Қаңтардың 25 жұлдызында лицейімізде ағылшын және түрік тілдер күні аталып өтті.
    Оқушылардың білімдерін тексеру, өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіру, өз көзқарасын жеткізе білу, шапшандық пен нақтылыққа бейімдеу мақсатында үлкен үзілісте сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен "Jeopardy" атты ойын жарысы, ал түрік тілі пәнінен "Көшбасшы" атты сайысы өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып жақсы қатысты.

       

  • Нашақорлық пен ішкілік аздырар адам баласын

    Нашақорлық пен ішкілік аздырар адам баласын
    24/01/2017

    24 қаңтар күні лицейіміздің дәрігері оқушылармен "Шылымқорлық пен нашақорлық, ішкілік аздырар адам баласын" деген тақырыпта кездесу өткізді

  • Театр, театр, театр...

    Театр, театр, театр...
    21/01/2017

    Қантар айының 21 жұлдызында, барлық оқушылар мен лицей ұжымы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына «Әпке» атты қойылымды тамашалауға барды. 
    Бауырмалдылық пен мейірімділіктің символына айналған «Әпке» қойылымы күлдіре отырып жылататын, жылатқанды жұбататын, сол арқылы адамның көңілін тазартатын, көрерменін жалықтырмайтын, тақырып құндылығы ескірмейтін туынды екенін дәлелдеп берді. Қойылым оқушылар мен ұстаздарға ерекше әсер берді.

  • TEDx-тің құрметті қонағы

    TEDx-тің құрметті қонағы
    19/01/2017

    Бүгін лицейімізге 8 «А» сыныбының ата-анасы, Облыстық сот қызметкері Исабекова Рыскуль Казиевна қадірлі қонағымыз болып келді. Рыскуль ханым қыздарымыз үшін терең ойлы, қажетті мағлұматқа, пайдалы кеңестерге толы сұхбат өткізді. Лицей ұжымының атынан шын жүректен алғыс білдіреміз! 

  • Ашық сабақтар аптасы

    Ашық сабақтар аптасы
    21/01/2017

    Аттестат алушы педагог қызметкерлердің өткізген ашық сабақтары мен тәрбие сағаттары. 
    Мұғалімдер сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабақ тақырыбына сай тапсырмалары, тәрбиелік мәні, өмірмен байланыстылығы орынды болды. Оқушылар сабақта еркін сөйлеп, өздерінің жеке пікірлерін қосып, сабаққа белсенді қатысты. Топтық жұмыстар, диалог, жазбаша жаттығулар және тақырыпқа сәйкес түрлі материалдар өз ретімен қолданылды. Мұғалімдер өз мақсаттарына жетіп, әріптестерінің алғысына бөленді.

  • «ЭКСПО 2017- Қазақстан болашағы»

    «ЭКСПО 2017- Қазақстан болашағы»
    19/01/2017

    Бүгін лицейімізде география күні аталуда! Осыған байланысты сыныптар арасында «ЭКСПО 2017- Қазақстан болашағы» атты көрме сайысы өтті.

    Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан, 
    Татулығы бар әлеммен жарасқан. 
    Жер бетінде достық болу үшін де, «Көрме» өткізіп жатыр елім Қазақстан! 
    Халық үшін еңбек етер жолында, 
    Қазағымның туы бүтін қолында. 
    Бақыт құсы қонғалы тұр тағы да, 
    Алға жұртым, тек ешқашан налыма! 
    Тәуелсіздік нұрын төккен шағында, 
    Келген бақты бағалай біл, арылма. 
    Өткелі тұр үлкен көрме өзіңде, 
    Жаса мәңгі, Қазақ елі жалында! 
    Тарихымды, салт-дәстүрді танысын, 
    Көрсін әлем жүйрік аттың шабысын. 
    ЭКСПО – ол келешектің кепілі, 
    Қазақ деген атқа лайық намысың. 

  • TEDx жобасы

    TEDx жобасы
    11/01/2017

    TED - "Technology Entertainment Design" -бұл жоба "Таратуға лайықты идеяларға" арналған. Х- ерікті түрде ұйымдастырылған TED іс-шарасы. 
    TED - бұл жобаға әлемдік қауымдастыққа қызмет ету саласына, қызығушылығына, мәдениетіне қарамастан кез келген адам мүше бола алады. Аталмыш жобаның мақсаты - қатысушыларды қызықты пікірталасқа шабыттандыру және атақты тұлғалармен таныстыру. 
    Апталық TED конференциясы атақты тұлғаларға, сонымен қатар мұғалімдер мен оқушыларға 18 минут көлемінде қызықты әлемдік тақырыптарға баяндама жасауға ұсынады. 
    Келесі аптаның қадірлі қонағы болуыңызға шақырамыз! 

     

  • Облыстық пәндік олимпиада

    Облыстық пәндік олимпиада
    06/01/2017

    Қаңтар айының  5-6 жұлдыздары оқушылар арасында облыстық пәндік олимпиада өтті. Лицейімізден қатысқан оқушылар ішінен 7 оқушымыз жақсы көрсеткіштерге жетіп, жүлделі орын иегерлері атанды. 9 сынып оқушылары: Зейноллаева Айя орыс тілі пәнінен 1 орын, Насипбек Аида ағылшын тілінен 2 орын, Қадырова Адина биология пәнінен 3 орынға иеленді. 10 сыныптардан Белгібаева Алуа мен Мадиқызы Малика қазақ тілі мен биологиядан 3 орын иегерлері атанды. 11 сынып оқушылары Құрманғалиева Ақбота ағылшын тілінен 2 орын, ал Гусельцева Каролина қазақ тілінен 3 орын ұтып алды. Зейноллаева Айя мен Құрманғалиева Ақбота республикалық кезеңге жолдама алды!

    Барша ата-аналарды, оқушылар мен ұстаздарымызды жеткен жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстанның туын биікке көтеретін білімді шәкірттеріміз көбейе берсін! 

  • "Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік"

    "Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік"
    13/12/2016

    Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына орай лицейіміздің кітапханасында 7-8 сынып оқушыларына арналған "Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік" атты кездесу кеші өтті

  • "Тәуелсіздік - Мәңгілік Ел мұраты"

    "Тәуелсіздік - Мәңгілік Ел мұраты"
    09/12/2016

    Еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай лицейімізде өткізіліп жатқан "Тәуелсіздік - Мәңгілік Ел мұраты" атты іс-шарамызға Қарағанды Мемлекеттік Университетінің профессоры, тариx ғылымдарының доценті Бейсембекова Нұрсаxан Аxметқызы лицейімізде қонақ болды. Нұрсаxан Аxметқызы оқушыларға мемлекетіміздің тәуелсіздікке жету жолында шеккен қиыншылықтары мен маңызды тариxи оқиғалар туралы, еліміздің дамып өркендеуіне зор үлесін қосқан тұлғалар және де қазіргі заманда бағалап сақтауға тырысу керек асыл қазыналарымыз туралы баяндап берді. Отырыс соңында Нұрсаxан Аxметқызының шәкірттері де қыздарға бір-екі өсиет-сөз айтып, Еліміздің тариxын біліп қадірлеуге шақырды. Оқушылар қонақтарымыздан қызықтырған сұрақтарын сұрап, бұл сұxбаттан керемет әсер алып шықты. 
    Нұрсаxан Аxметқызы және шәкірттеріне уақыттарын бөліп келгендері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

        

  • КарЛАГ мұражайына саяхат

    КарЛАГ мұражайына саяхат
    08/12/2016

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай орай 9А сынып оқушылары КарЛАГ мұражайына барды. Оқушыларды мұражайға апару мақсатымыз олардың бойында елжандылықты ояту, дүниетанымдарын кеңейту, Тәуелсіздік жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерлігін әрдайым естерінде ұстауға үгіттеу, еліміздің тарихын ұмытпай, болашағына ат салысуға жетелеу. Оқушылар сапардан көптеген мәлімет алып, өз әсерлерімен бөлісті

  • Пән күндері

    Пән күндері
    06/12/2016

    Лицейімізде әр тоқсан сайын пән күндері өтеді. Осы тоқсанда математика күнінде оқушыларға логикалық интеллектуалдық ойындар көрмесі өткізілді. Физика пәні күнінде оқушылар гаджеттер арқылы көздерін тексертіп, оптиканың кейбір параметрлерімен танысқан болды.Химия мен биология күнінде оқушылар өз қолдарымен пәндерге қатысты макеттер жасап көрме ұйымдастырды. География пәні күнінде 7 cынып оқушылары арасында "Ғажайып Африкаға саяхат" атты сайыс-сабақ өтті. Осындай іс-шаралар арқасында оқушыларда пәнге деген қызығушылықтары артып, ойлау, іздену, зерттеу қабілеттері дамиды.

          

  • Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

    Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
    02/12/2016

    Қарашаның 28-нен бастап 3-ші желтоқсанға дейін лицейімізде оқушыларды Елбасы туралы білімін кеңейту, патриоттық  сезімдерін қалыптастыру мақсатында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Әр сыныпта «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты ашық сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында Н.Ә.Назарбаев туралы фильм көрсетіліп, ойын, викторина, конкурстар өтті. Айтулы күннің құрметіне сыныптар арасында «Елбасы – елімнің тірегі» атты мәнерлеп оқу жарысы өтті. Осымен қатар оқушылар арасында «Нұрлы жол – болашағым» атты сурет салу сайысы де өткізілді. Апталық «Ел таңдаған Елбасы» атты мерекелік концертпен аяқталды.

      

  • «Жаратылыстану-математика пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» атты семинар

    «Жаратылыстану-математика пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» атты семинар
    28/11/2016

    Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

    Міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

     Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2016 жылдың 28 қарашасында №2 Қазақ- түрік лицей–интернатында жаратылыстану-математика пәндерінің мұғалімдері үшін «Іс- тәжірибемізбен бөлісеміз» атты облыстық жоба аясында «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс- тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға облыстық мамандандырылған мектеп интернаттары мен Қарағанды қаласы мектептерінен жаратылыстану- математика пәндері бойынша 60 мұғалім қатысты.

    Семинарды ҚО ББД ОӘО  әдіскері Г.О.Сулейманова мен лицей директоры Қ.Ә.Егенбердиев ашты. Ал директордың бейіндік жөніндегі орынбасары С.Б.Едилбаева лицейдің жетістіктерімен таныстырды.

    Семинардың бірінші бөлімінде, жаратылыстану пәндері сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, танымдық есептерді  шешу қабілеттерін дамыту, іс жүзінде алған білімдерін өз тәжірибесінде қолдана білуге үйрету мақсатында 8-сыныпта биология пәнінен Е.Б.Жаксылыков «Дәм сезу рецепторлары», 8 -сыныпта химия пәнінен М.М.Үкібай «Элементтердің табиғатта таралуы және олардың адам ағзасына маңызы», физика пәнінен 7 сыныпта Х.Кескин «Күш»,  8- сыныпта математика пәнінен Д.А.Жүнісбекова «Геометриялық прогрессия» тақырыптарын ағылшын тілдерінде өткізсе, география пәнінен 7 -сыныпта Қ. Азатқызы «Африканың халқы және елдері» тақырыбын қазақ тілінде өтті.

    Семинардың екінші бөлімінде  «БжС технологиясы бойынша, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында С.Б.Едилбаева шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныпта функционалдық сауаттылық тапсырмаларын құрастыру әдістері көрсетіліп, семинар қатысушылары пәндер бойынша тапсырмалар құрастырды.

    Ұстаз өзінің бойындағы қателіктерін бақылау арқылы кәсіби құзіреттілігін арттыру, біліктілігін шыңдап дамыту, нағыз маман ретінде өзін-өзі тәрбиелеу мақсатында Г.Карадже «Мұғалімнің ең көп жіберетін 20 қатесі» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті және сауатты тұлға, заманауи мұғалім, заманауи сабақ моделі қандай болу керек деген сұраққа жауап берді.  Бүгінде жаһанданған әлемде бәсекеге қабілетті, өмірде өз жолын таба білуге мақсат қойған, сауатты, білімді, қоршаған ортаға өзгеріс енгізе алатын қабілетті тұлғаны дайындау мақсатында Ш.Ш.Бадамбекова «Сабақ үрдісінде РВL жүйесін қолдану» тақырыбында іс- тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың жобалау жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін қарастырды.

     Ұстаздарды функционалдық сауаттылық және оның индикаторлары түсінігімен таныстыру,  функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеуге дағдыландыру мақсатында «Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында Б.О. Мейрманова, П.А.Жайықбаева, Г.Т.Ибраева, А.В.Абдрахманова, А.А.Орманова, А.Хажымұқан коучингті төрт тілде жүргізді.

    Семинардың үшінші бөлімінде ұлттық қолөнердің қоғамдағы рөлін айқындау, әсемдік пен сұлулықты бағалай білу дағдыларын дамыту арқылы оқушылардың бойында эстетикалық талғам қалыптастыру, сол арқылы олардың қабілетін анықтап, шеберлік деңгейлерін арттыру мақсатында «Ұлттық қолөнер- эстетикалық тәрбиенің негізі» атты көрмеде, «Қол өнер шеберханасы» үйірмесінде, жетекшісі К.Мутатын оқушылардың қолдарынан шыққан туындылармен таныстырды.

    Заманауи құрылғыларды пайдалану арқылы оқушылардың ғылыми- техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Заманауи құрылғыларды қолдану» атты көрмеде Робототехника үйірмесінің жұмыстары, «3 Dlab» принтерді және планшетті әр сабақта қолдану тәсілдерін көрсетілді.

    Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыра отырып,  оқу сауаттылығы қабілетін арттыру, бос уақытты тиімді пайдалану, оқыған кітаптарымен бөлісуге мүмкіндік беру мақсатында  «Book exchange»/ «Кітап айналымы» жобасы өз жұмыстарымен ой бөлісті.

     

    №2 Қазак- түрік лицей- интернатының

     бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары

     Еділбаева Сәуле Боранбаевна

        

  • Мұғалімдеріміз облыс мектептерінде сабақ беруде

    Мұғалімдеріміз облыс мектептерінде сабақ беруде
    24/11/2016

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы мен «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарында білім берудің барлық деңгейлеріне жаңа талаптар мен міндеттер жүктеді. Әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылатыны белгілі.

    Бүгінгі қоғамның өзекті мәселесі – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, сындарлы ойлауға, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығына ие, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

    Осыған байланысты қазіргі таңда қаламыздағы Слямия Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі мен Балқаш қаласындағы №15 мектеп-лицейімен үштілді білім беруді енгізу мен жүзеге асыру туралы жоспарымыз жүзеге асырылуда. Лицейіміздің биология пәні мұғалімі Жақсылықов Ержан ағай сол мектеп-лицейінде сабақ беруде.

     

Фотогалерея

Байланыс

  • №2 "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты КММ
    Аманжолова 96А
  • +7 (7212) 50-22-20

Әлеуметтік желі

Instagram: instagram.com/bil.kargirls
Facebook: facebook.com/karkyzbilim
Youtube: KarKyzBilim TV